Қазақстанда құрылысшылардың ұлттық қауымдастығы құрылады, бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысында шешім қабылданды. Оның құрамына барлық салалық қауымдастықтың өкілдері кіреді. Біріктіру, АЭС сәйкес, құрылыс индустриясының дамуына ықпал етеді.

Жаңа бірлестік мүшелері нормативтік-техникалық базаны жетілдіру жұмыстарына атсалыспақ. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесу. Құрылыс саласындағы отандық қаржы-несие жүйесін, ипотекалық несиелеуді және сақтандыру қызметін дамытуға үлес қосу. Олар ғылыми жұмыстарға, білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударатын болады.

Құрылысшылар қауымдастығын құру туралы шешімді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қолдады. «Оның құрамында мықты компаниялар мен қауымдастықтардың өкілдері, құрылыс саласындағы кәсіби мамандардың болуы маңызды», – деді ҰКП басшысы. Сондай-ақ, ол бірлестіктің дамыған филиалдық желісі болуы керектігіне назар аударды.

Дереккөз: krisha.kz