2014 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда жайлы тұрғын үйді жалға беру бағасы 1%-ға, жайсыз тұрғын үйді қайта сату – 0,4%-ға, жайлы тұрғын үйді – 0,3%-ға өсті. Соңғы бір айда жаңа үйлердің сатылу бағасы өзгерген жоқ.

Тұрғын үй нарығындағы бағалардың бұл байқаулары Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында қалалық қор негізінде жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың, оның ішінде құрылыс компанияларының таңдаулы шеңбері үшін жүргізіледі.

Дереккөз: krisha.kz