EXPO-2017 халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына отандық компанияларды тарту қажет, деді Нұрсұлтан Назарбаев «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесуі барысында, деп хабарлайды inform.kz.

Ірі EXPO-2017 кешендерінің құрылысын шағын және орта бизнесті дамыту үшін пайдалану керек. Ең алдымен сапа деңгейіне сай келетін қазақстандық құрылыс компанияларын тарту қажет. Отандық бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрылыс материалдары Қазақстанда да пайдаланылуы тиіс. Бұл ретте сапаны бақылау және тиісті мамандар болуы керек; деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Талғат Ермегияев 2014 жылы көрме нысандарын салу жұмыстары басталатынын айтты.

2013 жылдың желтоқсан айында барлық тіркеу процедуралары аяқталды. Ағымдағы жұмыстар жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде, ақаулар мен артта қалулар жоқ. Нысандардың құрылысын бастау ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған; Бұл туралы Мемлекет басшысы Талғат Ермегияев мәлім етті. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық компания басшысына EXPO-2017 көрмесінің барлық нысандарын одан әрі халық пен елорда игілігі үшін пайдалану керектігін тағы да еске салды.

 

Дереккөз: krisha.kz