Күні кеше Алматыда 72 жас отбасы жаңа пәтердің кілтін алды, деп хабарлайды Today.kz . Мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағыты аясында салынған жылжымайтын мүлік қаланың «Алғабас» шағын ауданы – Алатау ауданында орналасқан.

Биыл барлығы 200-ден астам жас отбасы қоныс тойын тойлады. 2014 жылы бұл көрсеткішті 378-ге жеткізу жоспарлануда.

 

Айта кету керек, жас отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілетін мүліктер болып табылады. «Жағдайларға сәйкес жас отбасыларға депозит салмай, тұрғын үй құнын жалдау ақысы есебінен өтеуге мүмкіндік беріліп отыр», – деп түсіндіреді агенттік.

  • Бұл үйлердің шаршы метрі 120 мың теңге тұрады. Алматы үшін бұл өте қолжетімді баға, – дейді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, қала басшысы атап өткендей, жас отбасылар тұратын үйлердің көпшілігі болашағы зор Алатау ауданында салынған. 2017 жылғы Универсиадаға дейін мұнда бірқатар спорттық және ойын-сауық нысандары, соның ішінде Спорт сарайы мен кино-концерт залы салынады деп жоспарлануда.

Дереккөз: krisha.kz