Жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша келесі жылы берілетін баспананы жалға беру мерзімі шектеусіз болуы керек, деп есептейді парламенттің төменгі палатасының депутаттары. Біз бағдарламаның екінші бағыты – сатып алу құқығынсыз жалға беру туралы айтып отырмыз. «Адам қаласа, өмір бойы өмір сүрсін», – дейді «Нұр Отан» партиясы Парламенттік фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева.

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевпен (жаңа бағдарламаны әзірлеушілердің бірі) сұхбатында депутат мұндай тәсіл Еуропаның көптеген елдерінде қолданылып жатқанын еске салды.

  • Ең дамыған Еуропа елдерін қараңызшы, онда халқының 40 пайызы өмір бойы жалдамалы пәтерлерде тұрады. Сонымен қатар, жалға алу құқығы да мұрагерлік болып табылады», – деді ол.

 

Депутат ауданы 52 шаршы метрді құрайтын пәтерді жалға алған азамат 20 жыл бойы шамамен 10 миллион теңге жұмсайтынын, яғни ай сайынғы төлемі қырық мыңнан сәл артық болатынын айтты.

  • Негізінде бұл мемлекет өз азаматтарына жасап отырған өте жақсы ұсыныс», — деді Дариға Назарбаева. Осы орайда ол жалға берілетін баспана үшін «үлкен тартыс болатынын» жоққа шығармайды. Кейбір байланыстары бар адамдар алдыңғы қатарға жетуге тырысады. «Мұның алдын алу үшін мемлекет тарапынан да, депутаттар тарапынан да, жұртшылық тарапынан да өте қатаң бақылау қажет», – деді ол.

Дереккөз: krisha.kz