Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы резидент еместердің ЭСҚ алуы
Резидент еместердің Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ЭСҚ алу мүмкіндігі туралы
Нұр-Сұлтан, 31 желтоқсан 2021 жыл – Пилоттық жоба аясында резидент еместер еліміздің елшіліктері мен консулдықтары арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны ала алады.
Пилоттық жобаны Сыртқы істер, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер министрліктері бірлесіп жүзеге асырды.
Жоғарыда аталған жоба Вашингтон, Сеул, Бішкек, Мәскеу, Прага, Дубай, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Майндағы Франкфурт, Ыстамбұл және Бейжің қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының 11 дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істейтін болады.
Жобаның негізгі мақсаты – әлеуетті инвесторларға Қазақстандағы онлайн аукциондарға қатысу мүмкіндігін беру.
Жеке тұлғалар – резидент еместер «бір терезе» қағидаты бойынша ЭСҚ ала алады. Ол үшін шетел азаматында төлқұжат, төлқұжаттың электрондық көшірмесі (pdf форматында), толық аты-жөнінің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын қарпіне (pdf форматында) нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі және USB флэш-дискісі (ЭСҚ кілттерін сақтау үшін).
Заңды тұлғалар – резидент еместер де Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында бұрын тіркелген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде ЭСҚ ала алады. және онлайн БСН алды.
Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.