EXPO-2015 Миландағы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етті?

Миланда өтіп жатқан Expo 2015 көрмесі тұрғын үй мен коммерциялық нысандарды жалға алу ақысын 10%-ға көтерді. сарапшылар бұл үрдіс жалғасады және 31 қазанда өтетін көрме жабылған кезде баға одан да қымбаттайды деп есептейді. Қазіргі уақытта Миланда тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүліктің құны дағдарысқа дейінгіден 30% төмен және қала орталығында бір шаршы үшін 10 000-15 000 еуроны құрайды.

propertyshowrooms.com сайтының мәліметі бойынша, Швейцария, Бельгия, АҚШ және Ұлыбританиядан келген шетелдік сатып алушылардың Миланда жылжымайтын мүлікке қызығушылығының артуы туралы оң болжам бар.

Рас, бұл сатып алушыларды жылжымайтын мүліктің бағасы ғана емес, кейіннен тұрғын үйді жалға беру перспективалары да қызықтырады. Инвестициялар ағынының артуы да Миланмен көршілес қалалардағы жылжымайтын мүлікке сұраныстың өсуіне ықпал етеді.

Айта кету керек, Италиядағы көрме алты ай ішінде 140-тан астам қатысушы елдер мен 25 миллионға жуық келушілерді қабылдайды. Миландағы экспо-2015 көрме кешені 200 гектар аумақты алып жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, ЭКСПО-2017 көрмесін Қазақстан қабылдайды. Астанада көрмеге 170 гектар аумақта 38 нысан салынады.

 

дереккөз: krisha.kz