Қазақстан мемлекеттік комиссияларды жойғысы келеді
Өңірлік даму министрлігі нысандарды пайдалануға қабылдаудың жаңа схемасын әзірледі. Жиырма қол жинаудың формальды процесінің орнына жеке жауапкершілік қағидатын енгізу ұсынылып отыр.
Осы уақытқа дейін құрылысқа қатысушылар (мердігерлер, техникалық және сәулет қадағалаушылары) өздерінің жеке жауапкершілігін сезінбей, құрылыс барысын тұрақты және тиісті бақылауды қамтамасыз етпей отыр. Объектіні пайдалануға беру ұжымдық түрде жүзеге асырылатынын бәрі жақсы біледі.
Сонымен бірге, мемлекеттік қабылдау комиссияларының төрағалары, әдетте, құрылыс кезінде нысанға бармаған және көптеген кемшіліктерді білмеуі мүмкін әкімнің орынбасарлары болып табылады. Соңғы жылдары бақылаудың жоқтығынан апатқа ұшырап, опырылып жатқан жағдайлар көптеп кездеседі.
2013 жылы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс саласындағы бақылау жүйесін оңтайландыруды тапсырған болатын. Өңірлік даму министрлігі әлемдік тәжірибені (Норвегия, Австрия, АҚШ, Германия, Швеция, Корея, Сингапур және т.б.) зерттеді.
Нысандарды пайдалануға құрылысқа тапсырыс берушілер мердігерлермен және құрылыс барысын бақылайтын мамандармен (техникалық-сәулеттік қадағалау) береді. Объектіні пайдалануға берудің жаңа тәртібі уақытты үнемдейді.
Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге арнайы құжаттар ұсынылады: аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарына сәйкестік туралы декларация, жасырын жұмыстарға сертификаттар, пайдаланушы ұйымдардан анықтамалар.
Техникалық қадағалау құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын растау туралы қорытындыны, аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы авторлық қорытындыны дайындайды.
Тапсырыс беруші осы қағаздардың негізінде объектіні пайдалануға қабылдауға толық дайындығын растайтын құжат болып табылатын объектіні қабылдау актісін жасайды. Атқарушылық техникалық құжаттаманың толықтығы туралы ГАСК қорытындысын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін әділет органдарына жүгіну қалды.
Сапаны бақылау жоспарының жобасы да әзірленді. Қадағалау органдары объектілердің белгілі бір қағидаларға сәйкестігін үнемі тексеріп отырады. Бұл, Өңірлік даму министрлігінің пікірінше, әкімшілік кедергілерді азайтуға және құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дереккөз: krisha.kz