Бір жыл ішінде бір қазақстандыққа қолма-қол ақшасыз төлемнің салмағы небәрі 270 теңгеге – 3 740 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.

Портал сарапшыларының айтуынша, соңғы бір жылда қолма-қол ақшасыз картамен төлемдер жан басына шаққанда сегіз пайызға ғана өскен. Салыстыру үшін, 2012 жылғы мамырдан 2013 жылғы мамырға дейінгі кезеңде қолма-қол ақшаны алу операциясының жан басына шаққандағы салмағы 14,5 пайызға, яғни 27 мың теңгеге дейін өсті.

2013 жылғы мамырда төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің ену деңгейі бойынша Қазақстанның ірі мегаполистері әлдеқайда артта қалды. Алматыда бір азаматқа қолма-қол ақшасыз төлем айына 14,9 мың теңгені құрайды (өсім екі мың теңге). Орта есеппен Астананың бір тұрғыны айына 9,5 мың теңге (жылдық өсім 1,3 мың теңге) сомасында карточкалық төлем жасайды.

Еске салайық, жақында бір қазақстандықтың қолма-қол ақшасыз төлемі айына 50 доллардан аз екені хабарланған болатын. Сәуір айында қала тұрғындарының жан басына шаққандағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 6,8 мың теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 700 теңгеге артық екені атап өтілді.

 

http://tengrinews.kz/private_finance/beznalichnyiy-platej-odnogo-kazahstantsa-god-uvelichilsya-na-270-tenge-238382/