ARRFR мәліметінше, ақпан айының соңынан бері қазақстандық банктерде Ресей мен Беларусьтегі бейрезидент жеке тұлғалар үшін 11 940 шот ашылған.

Жалпы бұл елдердің 162 мың азаматының Қазақстанда шоттары бар. Заңды тұлғаларға келсек, жеті ресейлік компания есепшот ашты.
Қазақстандық банктерде шоты бар Ресей Федерациясынан келген ұйымдардың жалпы саны 805-ке жетті.

 

© Atameken Business