Биыл «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жоспары артығымен орындалуы мүмкін, деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

  • Жыл қорытындысы бойынша берілген 6,6-ға қарсы 6,8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда, – деп келтіреді «Стратегия-2050» порталы вице-премьердің сөзін.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев биылғы жылы 4 мың шақырымнан астам жол жөнделіп, жалпы ұзындығы 1500 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағытының учаскелерінде жолдар ашылғанын айтты. Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстыратын Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

 

Брифингке де қатысқан Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы кестеден кеш орындалып жатқанын мойындады.

  • Ағымдағы жылдың қорытындысын алатын болсақ, орындалу қарқыны жағынан артта қалып жатырмыз деп айтуға болады. Бірақ министрлік осы бағдарлама бойынша жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қарастыруда. Түпкі мақсат өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды inform.kz ХАБАР басшысының сөзін.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ бұлақ» бағдарламасының түпкі мақсаты – 2020 жылға қарай қалаларды сумен қамтамасыз ету және су бұру деңгейін 100 пайызға, ауылдарды 80 пайызға жеткізу.

Үкімет мүшелері «Стратегия-2050» бағдарламасын да айналып өтпеді. Бақытжан Сағынтаев оны жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту және еліміздің көлік жүйесін интеграциялау бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленгенін айтты. Ол 2020 жылға дейін есептелген. Бағдарлама аясында 30 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Дереккөз: krisha.kz