Қазақмыс акционерлері баламалы ұсыныстардың жоқтығына байланысты Eurasian Natural Resources Corporation Plc (ENRC) акцияларының сатылуын қолдайды, деп хабарлайды ҚазТАГ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Nomura International Plc және Macquarie Group Ltd. «Қазақмыс инвесторлары ENRC-тегі өз үлесін құрылтайшыларға балама шығудың болмауына байланысты сатуды қолдауы мүмкін», – деп хабарлады жұма күні Bloomberg сарапшыларға сілтеме жасап.

Nomura сарапшысы Патрик Джонстың айтуынша, «Қазақмыстың тәуелсіз акционерлері стратегиялық опциялардың жоқтығына және балама ұсыныстардың аз болуы ықтималдығына байланысты сатуды қолдауы мүмкін».

Бұрын хабарланғандай, Қазақмыс акцияларын сату туралы шешім 2 тамызда қабылданады. Акционерлердің жиналысы Лондонда өтеді.
ENRC акционерлері Александр Машкевич, Патох Чодиев және Алижан Ибрагимов Қазақмыс акционерлеріне ұсыныс жасады. Бір ENRC акциясы үшін $2,65 ақшалай және 0,23 Қазақмыс акциясы ұсынылады. Өз кезегінде Қазақмыс бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Ал 2013 жылы ENRC акцияларының бағасы компанияның Қазақстан мен Африкадағы жұмысындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің салдарынан 27 пайызға арзандады.
Ұсыныс шарттарына сәйкес Қазақмыс шамамен 887 миллион доллар ақшалай және оның 77 миллион акциясын алады. Компания бұл қаражатты қарыздық жүктемені азайтуға және жобаларды қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр. Акциялар айналымнан алынады.

Ұсынысты қабылдау үшін Қазақмыс акционерлерінің қарапайым көпшілік дауысы қажет. Сатып алушылар консорциумының мүшесі, сонымен қатар Қазақмыстың 26,6 пайыз акциясына ие Қазақстан үкіметі дауыс бере алмайды. Қазақмыс акцияларының 35,9 пайызына иелік ететін Владимир Ким, Олег Новачук және Эдуард Огай консорциумға ұсынысқа дауыс беруге жазбаша келісімін беріп үлгерді.

«Қазақмыс» компаниялар тобы Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші және әлемдегі 10 жетекші мыс өндірушінің бірі болып табылады, 16 жұмыс істеп тұрған шахтаға, 10 тау-кен байыту комбинатына және екі мыс балқыту өндірістік кешеніне ие.

Қазақмыс сонымен қатар алтын, мырыш, күміс өндіреді. Өндірісті отандық электрмен жабдықтау және маңызды теміржол инфрақұрылымы қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 60 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

 

http://tengrinews.kz/money/smi-investoryi-kazahmyisa-primut-ofertu-oligarhov-238277/